Талдықорғандағы мейрамхана қонағынан тапанша табылды

Талдықорғандағы мейрамхана қонағынан тапанша табылды
Фото: Жетісу облысы ПД

Тәртіп сақшылары кезекті тексеру барысында Талдықорғандағы мейрамханалардың бірінен суық қару тәркіледі, деп хабарлайды Kazinform. 

Газбен атылатын травматикалық пистолет сараптамаға жіберілген. Болжам бойынша, ұстауға рұқсат етілмеген қару бұған дейін ұрланған тапанша болуы мүмкін.

Сондай-ақ өткен екі тәулік аралығында жетісулық полицейлер заңсыз айналымда жүрген тағы екі суық қару түрін анықтаған. Отқару облыс орталығына жақын аудандардан табылған Қазір тәркіленген қару-жарақ арнайы сараптамаға жіберіліп, қылмыстық оқиғаларға қатысының бар-жоқтығы анықталу үстіне екен.

Жалпы, жыл басынан бері Жетісу облысының аумағынан 56 бірлік суық қару түрі табылып, тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар