Талдықорған әкімі қалалық ПИК төрағаларының комитетін құруға шақырды (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған әкімі Бағдат Қарасаев қалалық ПИК төрағаларының комитетін құруға шақырды. Бұл идеясымен қала басшысы ПИК төрағаларымен кездесу үстінде бөлісті.
None
None

Кездесуде қаланың тыныс-тіршілігі, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қаралды.

Жиында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Алмас Әділ бүгін Талдықорғанда 689 көп пәтерлі үй бар екенін айтты. Оларды сақтау және басқару үшін 79 ПИК, 2 жеке кәсіпкер мен 2 ЖШС, сонымен қатар ҚР ҚМ Талдықорған аудандық пайдалану бөлімінің 29 үйін басқаратын "Сарбаз" тұтынушылар кооперативі тартылды.

Алмас Әділ атап өткендей, «ТКШ-ны жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде уақытта алғашқы механизм бойынша 117 көп пәтерлі үй, ӘКК желісі бойынша 5 үй жөнделді. Екінші механизм бойынша жергілікті атқарушы билік органдары арқылы 98 көп қабатты үй жөнделді. Бұл жөндеуді қажет ететін үйлердің санын біраз азайтты.

Соңғы жаңалықтар