Талдықорған әкімі көшелердің жарықтануын тексерді (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Сенбі күні кешінде қаланың ТКШ қызметі және жарықтандыруға жауапты «Жигули» ЖШС басшылығы қала әкімі Бағдат Қарасаевтың басқаруымен Талдықорған көшелерін аралап шықты.
None
None

Қала басшысы орталық көшелерде ғана емес, қаланың шеткері аймақтары мен облыс орталығына аумақтық жағынан жататын ауылдық округтерде де болды.

Әкімдікте нақтылағандай, бұл әкімнің алғашқы тексеруі емес, мұндай шара екі апта бұрын да өткізілген еді. Бұл жолы Бағдат Қарасаев орындалған жұмыстармен танысты және алда шешуді күтіп тұрған проблемаларға да ден қойды. ТКШ қызметіндегі негізгі кемшілік - бағаналардағы шамдардың күңгірт жанып тұруы немесе кейбір көшелерде жарықтың мүлдем болмауы.

-Бүгінде Талдықорғанда 12 мың жарық беру нүктесі бар. Алғашқы тексеру кезінде олардың мыңға тарта бірлігі жұмыс істемей тұрды. Бүгінде «Жигули» ЖШС мердігерлік ұйымы барлық ескертулерді жою-да, - деп атап өтті ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Малдыбай Қалиев.

Шара барысында қала әкімі жол өткелдері мен әлеуметтік нысандар маңындағы аумақтағы жарықтандыруға баса көңіл бөлді. Әсіресе білім нысандары маңындағы аялдама кешендеріне назар аударылды.

-Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы шұғыл ден қою қызметінің WhatsApp шұғыл желісіне қалалықтардан жарықтық болуы жөнінде көптеген шағымдар түскен. Қала әкімі бұл саладағы барлық жұмыстағы кемшіліктерді жоюды тапсырды және бірде-бір шағымның аяқсыз қалмауы ескертті, - деп атап өтті қала әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұат Жүкел.

Бағдат Қарасаев жұмыс көлемін ескере отырып, барлық кемшіліктерді түзеуге бір апта уақыт берді және келесі сенбіде жасалған жұмыстарға тексеру жасалатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар