Талдықорған әкімі құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Құрылысшылардың кәсіби мерекесінің қарсаңында Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов бұл саланың өкілдерін құттықтады. Қалалық әкімдікте болып өткен салтанатты кездесуге жетекші құрылыс компаниялар мен жобалық ұйымдардың қызметкерлері шақырылды.
None
None

Қала әкімі құттықтау сөзінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі жыл сайын артып, сол арқылы қаланың бейнесі ауысып отырғанын атап өтті. Бұл жерде құрылысшылардың еңбегі зор: олардың арқасында мыңдаған балалар жыл сайын жаңа балабақшалар мен мектептерге барып, отбасылар қоныстойларын мерекелейді; жаңа әлеуметтік ғимараттар салынып, жаңа жолдар пайда болып жатыр.

Құттықтау сөзінің соңында қала әкімі құрылыс саласында ерекше көзге түскен жұмыскерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын тапсырды. Солардың ішінде бұл салада ширек ғасырдан астам еңбек өтілі бар «Ют-КОМ» құрылыс компаниясының директоры Дүзімбай Найманбаев болды.

«Еңбегіміз жергілікті атқарушы органдардың назарынан тыс қалмағаны қуантады. Соңғы жылдары құрылысшы кәсібі бұрынғы абыройын қайтарып жүр. Бүгінде құрылыс алаңдарында көбіне диплом алған қызметкерлер еңбек етіп, сол арқылы салынып жатқан құрылыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етіп келеді. Бұл компанияның қызметкерлері ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс істері комитеті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын пайдалану басқармасы ұйымдастырған республикалық құрылысшылар байқауына қатысқанын атап өту керек. Облыс көлемінде өткен осындай байқауда «Ют-КОМ» ЖШС-нің құрылысшылары бірінші орын алды», - деді кәсіпорын директоры.

Бүгінде Талдықорғанда 50-ге жуық құрылыс алаңында 2 мыңнан астам адам еңбек етуде.

Соңғы жаңалықтар