Талдықорған әкімі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған фитнес-залға келушілерді құттықтады (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Кеше Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев бүкіл Қазақстаннан мүмкіндігі шектеулі адамдарды4 оңалту курстары өтетін «Асар» фитнес-залының келушілерін құттықтады. Қала әкімі таяудағы кездесу барысында мұнда өзі келіп, жаңа жылмен құттықтауға уәде бергенін еске салды.
None
None

«Біз үшін мерекеден тыс қалмай, оны сезінетіндей көңіл күйде болғанымыз маңызды. Біз әкімнің келуін күтпеген едік, қуанышымыз еселене түсті», - деп атап өтті фитнес-залдың басшысы Елдос Баялышбаев.

Кездесу барысында қала әкімі сондай-ақ бұған дейінгі келісушіліктердің іске асырылу барысы, мүгедек арбасы үшін арнайы көтергішті орнату және бұдан әрі дамудың басқа да мәселелері туралы баяндады.

Еске сала кетейік, таяуда қала әкімі кәсіпкерлердің қолдауымен аталған залда курстардан өтіп жатқан балалардан құралған КТК (көңілді тапқырлар командасы) үшін демеушілік көмекті ұсынды.

null null

Соңғы жаңалықтар