Талдықорған әкімі өзіне қол жұмсау үшін электр бағанына мінген жігітті райынан қайтара алмай жатыр (ФОТО, ВИДЕО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 1996 жылы туған шығысқазақстандық Айбек есімді жігіт электр бағанына мініп, өзіне қол жұмсайтынын айтып, елдің үрейін алды.
None
None

Талдықорған қаласындағы дәмханаларының бірінде жұмыс істейтін Айбек 2 сағат бұрын электр желісінің жоғары вольтты бағанына мінген. Ол махаббатта жолы болмағандықтан өзіне қол салуға бел байлағанға ұқсайды, деп хабарлады оқиға орнынан ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі бар.
Қазір қала әкімі Б. Қарасаев, Алматы облысы ІІД бастығы М. Ұрымханов оны секірмеуге көндіріп жатыр. Алайда, Айбек оларға жауап қатар емес.

1 3 2 null 

Соңғы жаңалықтар