Талдықорған қаласы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаевтың өкімімен Жолжанов Дәурен Бақтұрұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін қала әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған азамат конкурстық комиссия шешімі бойынша жаңа лауазымға лайық деп танылған.

Дәурен Жолжанов  1970 жылы туған, жоғары білімді. Еңбек жолын 1992 жылы қарапайым құрылысшы болып бастап, мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметке дейін өскен. 2008-2016 жылдар аралығында Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында бас маманнан бөлім бастығына дейінгі қызметтік сатылардан өтті. Қаржылық ұйымдар мен жеке меншік мекмелерде де жұмыс өтілі бар. 

Дәурен Бақтұрұлы алдағы уақытта қаладағы жол, ТҮКШ, қоғамдық көліктер, құрылыс, сәулет салаларына жетекшілік ететін болады.

Сондай-ақ Талдықорған қаласы әкімдігінің алқа мәжілісінде қала әкімі Бағдат Қарасаев конкурстық комиссия шешіміне сәйкес, өзінің орынбасары міндетін атқарушы азаматты таныстырды. Енді қаланың қаржы, экономика, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария саласына Қожабаев Асқар Рамазанұлы жетекшілік етеді.
null 

Асқар Қожабаев 1968 жылы туған. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1985 жылы бастаған. Қатардағы экономистен аудандық, қалалық мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметке дейін жоғарылаған. 2005-2017 жылдар аралығында Алматы облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында басшы, басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

Айта кету керек, қазан айының 20-ы күні Талдықорған қаласы әкімінің екі орынбасары бірдей қызметтен  өз еріктерімен босаған болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram