11:52, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
Талдықорған қаласының әкімі соғыс ардагерлеріне 20 мың теңгеден тапсырды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының 100 қатысушысын түскі асқа шақырды.

«Қымбатты ардагерлер! Біз сіздерді құттықтай отырып, барлық жақсылықты тілейміз! Өмір жастарыңыз ұзақ болсын!», - деді майдангерлерді Жеңіс күнімен құттықтаған Ермек Алпысов.
Майданнан оралмаған боздақтарды бір минуттық еске алудан кейін қала әкімі әр ардагерге 20 мың теңге және 5 мың теңгеге алынған азық-түлік пакетін берді.
Сонымен қатар концерт өтіп, мейрамханада мерекелік дастархан жайылды.
Бұл мерекеге қатыса алмаған Ұлы Отан соғысының басқа да 39 қатысушысына ақшалай сыйлық табысталды.
Қазіргі уақытта Алматы облысында 749 ардагер ғана қалды.