Талдықорған қаласының Қан орталығында «Донор-2011» шарасы өтуде

ЛДЫҚОРҒАН. 14 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғанда «Донор-2011» шарасы өтіп жатыр.
None
None

Жаппай қан тапсыруды Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының мүшелері мен қолдаушылары өткізуде. Олардың арасында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері де бар.

«Біз, халық коммунистері, донорлық қанға мұқтаж болған адамдарға көмек көрсетуге, сонымен қатар халық арасында донорлықты белсенді насихаттау және өскелең ұрпақты адамгершілік парыз бен ізгілікке дағдыландыруға тырысып жатырмыз», деді ҚКХП обкомының бірінші хатшысы Магиррам Магиррамов.

Қан тапсыру алдында жастар арнайы сауалнамаларды толтырып, қажетті қан талдамаларын тапсырды.

Соңғы жаңалықтар