Талдықорған қаласының тұрғыны Елбасыға еліміздегі әділеттілікті қамтамасыз етуге жағдай жасағаны үшін алғыс айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Алматы облысы Талдықорған қаласының тұрғыны Инна Лапшинаның хаты келіп түсті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
None
None

Инна Лапшина өз хатында Мемлекет басшысына еліміздегі сот істерінде әділеттілік пен шынайылықты қамтамасыз етуге жағдай жасалғаны үшін алғыс айтқан. «Мен - біреулер тарапынан ұлыммен араласу бақытынан айыруға әрекет жасалған анамын. Облыстық сот 8 шілде күні ата-аналық құқығымды қалпына келтіру жөніндегі шешімді жария еткенде қуанышымда шек болмады. Өмірдегі ең қымбат нәрсеге - өз баласын тәрбиелеу бақытына қайтадан қол жеткізген ана ретінде Сізге зор ризашылық білдіргім келеді», - делінген хатта. Сонымен қатар автор хатта Қазақстанның және өз отбасының болашағын тек Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыратынын айтады. «Сіздің дана басшылығыңызбен біздің елде бейбітшілік пен тыныштық орын алып отыр. Ұлым Валераның нағыз патриот болып ержетіп, елге пайдасын тигізетініне сенімдімін», - делінген хатта. Соңында И.Лапшина Мемлекет басшысына мықты денсаулық пен бақыт тілеген.

Соңғы жаңалықтар