Талдықорған қаласының тұрғыны зейнеткерді зорлады деген күдікпен ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жалғызбасты зейнеткерді зорлады деген күдікпен Талдықорған полициясы 46 жастағы жергілікті тұрғынды қамауға алды.
None
None

Алматы облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 маусым күні кешке Талдықорған қаласының ішкі істер бөліміне 70 жастағы әйелден шағым түскен. Онда белгісіз біреудің зейнеткердің пәтеріне басып кіріп, зорлық-зомбылық көрсеткені жазылған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында, қылмыс жасауға күдікті 46 жастағы жұмыссыз ер адам ұсталды. Ол алкогольді ішімдікке мас болғандықтан, ештеңе есімде жоқ деп ақталды», - деп хабарлайды облыстық ІІД.

Аталған фактілер бойынша Талдықорған полициясы ҚР ҚК 120-шы «Зорлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған күдіктіні зардап шеккен әйел жазбай таныды.

Соңғы жаңалықтар