Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Талдықорған-Үштөбе» айналма жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі КАМАЗ жүк көлігімен соқтығысты. Mitsubishi Pajero автокөлігін 32 жастағы ер адам басқарған, ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, 34 жастағы әйел түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды.

«Көлік апаты бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция автокөлік жүргізушілерін жол ережелерін сақтауға және автожолдарда қырағылық танытып, сақ болуға шақырады»,- делінген Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар