Талдықорған маңындағы саяжайларды су басу қаупі бар

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде боран болса, Алматы облысындағы саяжайларды су басу қаупі бар.
None
None

Талдықорғанда соңғы үш күнде ауа райы күрт жылынып, қалың қар ери бастады. Қазір қалалық төтенше жағдайлар мамандары халыққа тасқыннан сақтанудың жолдарын түсіндіруге кірісті,- деп хабарлайды 24.kz.

Талдықорған қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары су алып кету қаупі бар аумақтардығы әрбір үйді аралап жүр. Тасқынға қалай тосқын қою керектігі туралы арнайы парақшалар таратты. Өйткені бұған дейін қалада жауған қардың қалыңдығы 80 сантиметрге жеткен. Мамандар қарды әлі де жауады деп отыр. Күн райы күрт бұзылса, су тасу қаупі бар. Кейбір үйлердің ауласы қазірдің өзінде көлкіп тұр.

Қала шетіндегі саяжайлардағы қардың қалыңдығы бір метрге дейін жетеді. Көшелердегі арық-атыздарды коммуналдық мекемелер тазалауға міндетті, бірақ оның көбін қар басып жатыр.

Талдықорған қаласына жақын жерде екі су қоймасы бар. Тұрғындар осы бөгендерден қауіптенеді.

Ащыбұлақ су қоймасына 4,5 млн, ал Алмалыға 5,5 млн текше метр су сыяды. Егер күн райы күрт жылынса, онда Талдықорған қаласына қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан қазір бұл екі су қоймасы бос тұр. Ал облыс бойынша 100-ден астам су бөгені бар. Олардың техникалық жағдайын төтенше жағдайлар мамандары күндіз-түні бақылауда. Өйткені апаттың айтып келмесі анық.

Қазір Ащыбұлақ тоспасынан секундына 50 литр су жіберіліп жатыр. Ал су қоймасында бақылаушы бар.

Ащыбұлақ пен Алмалы су қоймаларына жиналған суды жазда шаруалар егістікке пайдаланады. Биыл қар қалың жауғандықтан, уақытша екі қойма бос тұр. Ең бастасы - етектегі елдің қауіпсіздігі. Мамандар «қоймаларға суды наурыз, сәуір айларында да толтыруға болады»,- дейді. Бұл туралы BAQ.kz хабарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар