Талдықорған полициясы көшеде әйелді соққыға жыққан ер адамды іздеп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында әйелді соққыға жыққан ер адамға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде ер адамның әйел адамға көшеде күш көрсетіп жатқан видеосы тарады.

«Бейнежазба назарға алынғанын хабарлаймыз. Аталған оқиға 20 тамыз күні кешке Талдықорған қаласындағы Қабанбай батыр мен Ақын Сара көшелеріне жақын жерде орын алғаны белгілі болды» деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қалалық полицияға арыз бен өтініш түскен жоқ.

Оған қарамастан факті бойынша жанжалға қатысушыларды анықтауға бағытталған қажетті іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

Полиция зардап шеккен әйел мен оқиға куәгерлерін 8-702-807-94-27 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.





Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото


Соңғы жаңалықтар
telegram