«Талдықорған сәулет» МКК-і заңсыз төлем қызметтерін көрсетіп келген

ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Талдықорған сәулет» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны заңсыз төлем қызметтерін көрсеткен.
None
None

Талдықорған қаласының прокуроры Бауыржан Сауғабаев хабарлағандай, «Талдықорған сәулет» МКК тұрғын үйлер құрылысы мен үйлерді күрделі жөндеулерден өткізуге рұқсат алу үшін тұрғындардан ақша өндірген.

«Қайта құру, қайта жоспарлау, құрылғыларды жаңалау, техникалық жаңарту және нысандардың басқа да жөндеу жұмыстары құрылысы мен функционалдық тағайындауын өзгертпесе, жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарынын жүзеге асыру үшін рұқсат алмай жүзеге асырылады», - деп нақтылады қала прокуроры.

2008 жылғы шілденің 29-ы мен 2009 жылғы желтоқсанның 31-іне дейін «Талдықорған сәулет» мекемесі 159 нысанға 578,7 мың теңге көлемінде заңсыз қызмет көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар