Талдықорған студенттері қуғын-сүргін құрбандарына арнаған өлеңдерін оқыды (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының тұрғындары митингті дәстүр бойынша Ілияс Жансүгіров ескерткішінің жанында ұйымдастырды.
None
None

Бұл жерде жергілікті билік көздерінің өкілдері, тарихшылар, әдебиетшілер мен қала тұрғындары жиналды. Шараның салтанатты бөлімі ескерткішке гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудың құрметіне жарияланған үнсіздік минутынан басталды.

Жиналғандардың алдында қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Серік Толғанбаев сөз сөйледі. Ақсақал бүгінде кеңестік биліктің езгісінің қорқынышты құпияларын ашып жүрген ел тарихын зерттеуге үлкен көңіл бөлініп отырғанына назар аудартты. Өз кезегінде Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев 31 мамырды саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп Жарлық шығарған ел Президентінің дана саясатын атап өтті. Тәуелсіздік жылдарында ел өз тарихын зерттеуге лайықты көңіл бөліп отыр, сондай бағдарламалардың бірі болған «Мәдени мұра» өз жемістерін әкелуде.

«Кеңес заманының саяси репрессиялары тарихта ғана емес, көптеген халықтардың тағдырында терең іздер қалдырды. Көптеген ұлыстар туған өлкелерінен күштеп шығарылды. Сондай ауыр сағаттарда біз оларды дәстүрімізге сәйкес, құшақ жая қарсы алдық», - деді әкімнің орынбасары.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мұратбек Иманғазинов саяси қамалғандардың арасында болған ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының тағдыры туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Бұдан кейін Ілияс Жансүгіров атындағы университеттің студенттері саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап шығарған өлеңдерін оқып шықты.

Соңғы жаңалықтар