09:59, 31 Мамыр 2014 | GMT +5
Талдықорғанда 3 автокөлік жанып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төтенше оқиға 30 мамыр күні түс ауа болған. Техникалық қызмет көрсету станциясы «Auto Hause» жеке кәсіпкерлігіне қарайды. Автокөліктер тұрған жер отқа оранған.
Тілсіз жау 40 минуттан кейін ауыздықталды. Өрт шарпыған аумақ 80 шаршы метр жерді құрады. Оқиға орнынан түрлі дәрежедегі күйікпен екі жұмысшы ауруханаға жатқызылды.