Талдықорғанда 30 жастағы ұры əйел тұтқындалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған полицейлері қаланың сауда үйлері мен базарларында тұрақты түрде ұрлық жасап жүрген 30 жастағы әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше күдікті қазір қамауға алынды. Ол дүкенде жалпы құны 356 мың теңге тұратын бірнеше аяқ киім ұрлағаннан кейін табылды.
Ұрланған заттармен азаматша қала бейнекамераларына түсіп қалған. Қалалық ІІБ тәртіп сақшылары әйелдің жыл басынан бері сауда орындарында жасалған тағы 4 тонау фактісіне қатысы бар екенін дәлелдеп берді. Күдікті бұдан бұрын да осыған ұқсас қылмыстары үшін жауапқа тартылған болатын. 5 дәлелденген факт бойынша күдікті әйелмен ұрланған мүліктің жалпы құны 1 млн. теңгеден астам соманы құрайды.
Қазіргі таңда ол ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қамауға алынды. Тәртіп сақшылары күдіктінің басқа да тонау фактілеріне қатысы болуы мүмкін деген пікірмен тергеу жұмыстарын жалғастырмақ.