Талдықорғанда 45 жастағы ер адамды атқан жергілікті тұрғын ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда 45 жастағы ер адамды травматикалық қарумен оқ атқан 42 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ал жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 31 қазан күні түнде Талдықорғандағы үшінші ықшам ауданындағы дәмхананың жанында болған. Дәл осы жерден жәбірленуші ауруханаға жеткізілген. Жедел-іздестіру шара барысында 42 жастағы тұрғын ұсталып, қамауға алынды.

Анықталғандай, күдікті сол маңдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тұрады. Ұсталған сәтте оның ішімдік ішкені белгілі болды. Оқиға болған сәтте екі азаматтың арасында жанжал туындап, соңында 42 жастағы тұрғын үйінен травматикалық қару алып шығып, қарсыласына оқ атқан.

«Газбен атылатын травматикалық тапанша айғақ зат тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, ол бұл тапаншаны қоқыс жәшігінен тауып алып, үйінде сақтаған. Қазір аталған фактіге орай ҚР ҚК 293-бабының 3-тармағы бойынша сот-алды тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар