Талдықорғанда 5,5 мыңнан астам электр қуатын есептеу құралдары ауыстырылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында электр қуатына коммерциялық есеп жүргізудің автоматтандырылған жүйесі бойынша жұмыс істейтін 5,5 мыңнан астам есептеу құралдары ауыстырылды.
None
None

Талдықорған акционерлік көліктік-электр желілік компаниясы хабарлағандай, бұл жүйе көп функциялы, жоғары тоқты есептеу құралдарының негізінде жұмыс істейді және көрсеткіштерге жылдам қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта компания электр қуатына коммерциялық есеп жүргізудің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруды және Талдықорған қаласы тұтынушыларының есептеу құралдарын толығымен ауыстыруды жоспарлап отыр.

Бұл жүйені енгізу шот-есептеулер ұсыну үшін уақытында әрі дәл көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін келешекте төлемдерді интернет-банкинг арқылы жүргізу мүмкіндіктері бойынша мәселелер қарастырылуда. Сөйтіп, ұсынылатын қызметтердің сапасы арттырылады.

Бүгінгі күні Талдықорған қаласы бойынша 5 561 есептеу құралдары ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар