10:23, 10 Қараша 2011 | GMT +5
Талдықорғанда Алматы облысының ең жақсы келіні таңдалды
ЛДЫҚОРҒАН. 10 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорған қаласында Алматы облысының ең жақсы келіні таңдалды.
Талдықорғанда «Келіндер - отбасының болашағы» атты фоурум өтіп, іс-шара аясында облыстағы ең жақсы келін атағы үшін жарыс болды.
Байқауға аудандық және қалалық жарыстардың жеңімпазы болған 20 келін қатысса, ал бас жүлде 200 000 теңге мен облыстың ең жақсы келіні атағын Текелі қаласының тұрғыны Жанат Ботанбаева жеңіп алды.
Сынға қатысқан басқа да келіндерге әртүрлі аталым бойынша бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шараны отбасы құндылықтарын, туысқандық қарым-қатынасты нығайтуды, қазақ отбасындағы келіннің алатын орнын, жастарды ұлттық салт-дәстүр рухында тәрбиелеуді насихаттау мақсатымен облыстық Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды, деп атап өтті әкімдіктен.