Талдықорғанда Ардагерлер үйі ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында жаңадан салынған Ардагерлер үйі ашылды. Оның құрылысына облыстық бюджеттен 106 млн. теңге жұмсалды.
None
None

Салтанатты жағдайда ашылған Ардагерлер үйі әдемі, зәулім әрі екі қабатты. Оның ішінде бірнеше зал, ардагерлермен жұмыс істейтін тұлғаларға арналған кабинеттер, шахмат-дойбы клубы, бильярд бөлмесі, асүйі және медициналық бөлме орналасқан. Олардың барлығы қажетті жиһаздармен жабдықталған.

Ардагерлер үйінің салтанатты ашылуына облыс әкімі Аңсар Мұсаханов қатысты.

Соңғы жаңалықтар