09:30, 27 Мамыр 2015 | GMT +5
Талдықорғанда ауыр қылмыс жасағаны үшін бір жылдан бері іздестіріліп жүрген ер адам ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2013 жылдың соңында Талғар ауданында күдікті қатігез бұзақылығы және жергілікті тұрғындардың біріне ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ұсталды. Кейіннен, «елден сыртқа шықпау» қолхатымен босаған ол бой тасалап, артынша республикалық іздестіру жарияланған.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, Талдықорған полицейлері оның мекенжайын тапты, күдікті облыс орталығында жалдамалы пәтерлердің бірінен ұсталды.
«Тексеру барысында 32 жастағы ер адамның басқа бірнеше күдіктілермен бірге пәтер тонағаны анықталды. Олар өткен аптада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп атап өтті ІІД.
Ұсталған азамат қамауға алынды. Тергеу шаралары жалғасуда.