Талдықорғанда балабақшадағы ұрлықтың алды алынды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қызметкерлердің қырағылығы мен Талдықорған полицейлерінің жеделдігінің арқасында балабақшадағы ұрлықтың алды алынды.
None
None

Қала орталығында орналасқан балабақшаның қызметкерлері мектепалды мекеменің аумағында жүрген бөтен ер адамды көріп, полицияға қоңырау шалған. Оқиға орнына келіп жеткен «Бүркіт» патрульдік тобы ұрлық жасағысы келгенін мойындаған 45 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. 

Оның түсіндіруінше, материалдық қиындықтарына байланысты ол балабақшаға кіріп, қызметкерлердің киім шешетін бөлмелеріндегі қандай да бір бағалы заттарды ұрламаққа әрекеттенген, бірақ оған қырағылық танытқан тәрбиелеушілер кедергі болды. Ол қашпақ болған сәтте оқиға орнына полиция жасағы келіп үлгерді.

 Ұрлық жасауға әрекеттену фактісімен жеңілдетілген сот алдындағы өндіріс тәртібінде тергеу өткізілуде. Ұсталған азамат ешқайда кетпеу туралы қолхат толтырды.

Соңғы жаңалықтар