Талдықорғанда бес дүкенді тонаған екі ауыл тұрғыны ұсталды

Алматы облысы ІІД-де хабарлағандай, олардың қылмыстарының қолтаңбалары бірдей, яғни қылмыскерлер шағын дүкендерді таңдап, кәдімгі кеспелтек темірмен есікті бұзып ашқан. Олар касса аппаратында қалған ақшаныы, арақ-шарапты, азық-түліктерді, дүкендерде орнатылған терминалдарды алып кеткен.
Қазіргі кезде сауда нүктелері иелеріне келтірілген залал 1,5 млн. теңгеге жуықтағаны анықталды.
Талдықорған қалалық ІІБ қылмыстық іздестіру жедел қызметкерлері ізге түсіп, облыс орталығының маңындағы кенттердің бірінде күдіктілерді қолға түсірген.
«Екеуі де бұрын осындай қылмыстары үшін сотты болған, олар уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Ұрлық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Талдықорған ІІБ бастығы, полковник Ерлан Сансызбаев.