Талдықорғанда бір айдан бері 8 айлық сәбиін іздеп жүрген әйел баласымен қауышты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында емшектегі баласын жоғалтып алған келіншек сәбиін тапты. Ол осының алдында 8 айлық нәрестесін күйеуі әкетіп қалғанын мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Бұл жайында НеМолчи қорының жазбасынан белгілі болған еді.

Қор басшысының айтуынша, осыдан біраз уақыт бұрын сегіз айлық баланың әкесі енесін соққыға жыққаны үшін 15 тәулікке қамалған.

Сол жанжалдан соң әйел баласын таппай қалған. Оны әкесінің туыстары жасырып ұстап отыруы мүмкін.

Осыдан кейін Жетісу облысының полицейлері шұғыл нәрестені іздеуге кірісті.

«Бала Талдықорған қаласында жеке секторда тұратын әкесінің туыстарынан табылды. Қазіргі уақытта нәресте анасының жанында, өз кезегінде ол қалалық полиция қызметкерлеріне бүлдіршінін іздеуге көмектескені үшін алғыс айтты» делінген полиция хабарламасында.

Нәрестенің болашақ тағдырын қорғаншылық және сот органдары өкілдері шешеді.

Баланың әкесі сот шешімімен әкімшілік қамауда отыр.


Соңғы жаңалықтар