Талдықорғанда дәмхана отқа оранды

  ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда дәмхана отқа оранды. Шатыры лаулап жанған нысанның жалыны жақын орналасқан тұрғын үйлерге қауіп төндірді. Абырой болғанда тілсіз жау басқа нысандарға шарпымады. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

null

Алдын ала болжам бойынша дәмхананың өртенуіне өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп. Бұл жерде от жаққанға ұқсайды. Мұржадан шыққан жалын шатырға тиіп, ғимараттың жабындысы отқа оранған. 500 шаршы метр жер өртенген.

Тексеру барысында анықталғанындай, дәмхананың құрылысы толықтай бітпеген және іске қосылмаған. Жалпы, өрт жөніндегі ақпарат Алматы облыстық ТЖД кезекші бөліміне 13 сағат 25 минутта түскен. Мамандар 10 минуттың ішінде жетіп, 14 сағат 07 минутта өртті ауыздықтаған. Ал 14 сағат 57 минутта тілсіз жау толықтай өшірілген.

null

Нысан басында бірнеше бригада жұмыс істеді. Олар екі топқа бөлінді. Бірі өрт сөндірсе, екінші топ тілсіз жаудың тұрғын үйлерге шарпып кетпеуімен күресті.  

Соңғы жаңалықтар