Талдықорғанда екі балабақша ашылды (ФОТО)

Өңір басшысы алдымен «Айгөлек» есімі берілген №15 балабақшаға барды. 280 орындық жаңа балабақшаның салынғандығы туралы жаңалықты тұрғындар ерекше қуанышты сезіммен қабылдады. Жұмыс 2014 жылы маусымда басталған.
Өңір басшысы Амандық Баталов атап өткендей, облыста «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы белсенді іске асырылуда, бүгінгі шара соның дәлелі десе болады.
Айта кетейік, қала әкімімен есепті кездесуде тұрғындар балабақша жетіспейтіні жайлы мәселе көтерген болатын, енді міне олардың өтініші қабылданып, іске асырылды. Нысанның жалпы сметалық құны 637 625,580 теңгені құрады, ол республикалық және облыстық бюджеттен бөлінді. «Арлан-Жоба Құрылыс» ЖШС жобасы бойынша құрылысты «СурМАК» ЖШС жүргізді.
Балабақша меңгерушісі Фатима Бейсенбекованың ақпаратына сүйенсек, мектепке дейінгі мекемеде 14 топ болмақ.
Екінші балабақша 320 орындық, ол белсенді дамып келе жатқан Шығыс шағын ауданында салынды. Құрылысы 2014 жылғы маусымда басталған. Жалпы сметалық құны 695 620,900 теңгені құрады. «Гәкку-Құрылыс» ЖШС нысанынның бас мердігері. Мекемеге 14-ші нөмір берілді. Балабақша меңгерушісі Светлана Смағұлова 18 топтың ашылғандығын айтып өтті.
Салтанатты рәсімде еңбек ардагері Тұрар Бостанова тұрғындардың атынан өңір басшысына алғыс білдірді.