Талдықорғанда ер адамның мәйіті табылған пәтердегі өрт темекіден тұтануы мүмкін - ТЖД

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда ер адамның мәйіті табылған пәтер өртіне темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. Бұл жөнінде Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда ер адамның мәйіті табылған пәтердегі өрт темекіден тұтануы мүмкін -  ТЖД

«Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын шоғы сөнбеген темекіден шығуы мүмкін», - делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде.

Өрт сөндіру қызметіне пәтердің өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама бүгін сағат 16:02 де түскен. Оқиға орнына жеткен мамандар 1949 жылғы ер адамның мүрдесін тапқан. Бес қабатты үйден 40 адам оқшауланған. Оның 14-і бала. Тілсіз жау 29 шаршы метр жерді қамтыған. Сағат 16:36 сөндірілген өртке 30 маман мен 10 техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, оқыс оқиға Талдықорғандағы «Мүшелтой» шағын ауданындағы бес қабатты үйдің төртінші қабатында болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда пәтер өртеніп, 1949 жылғы ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.