Талдықорғанда интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Жұма күні Талдықорғандағы орталық саябақта Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 20 жылдығына орай Мәңгілік алауға және интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл салтанатты рәсімге қоғам өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, локальды соғыстар мен қарулы қақтығыстарға қатысқан интернационалист-жауынгерлер, қаза болған ауғандық жауынгерлердің отбасыларының мүшелері, жергілікті билік өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен саяси қозғалыстардың өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты. 10 жылға созылған ауған соғысына 2,5 мыңнан астам жетісулық жауынгердің қатысқаны баршаға мәлім, олардың 120-сы қаза болған және із-түзсіз жоғалған, көбісі елге ауыр жарақаттармен оралған. Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 20 жылдығы құрметіне 2008 жылдың күзінде Талдықорғанда, ауған даласында қаза тапқан қазақстандықтарға ескерткіш орнатылған болатын.Ал, ақпанның 12-сінде Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов 70 ауғандық жауынгерге салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Олардың атына алғыстар айтылып, 15 мың теңгеден сыйлықтар табыс етілді.
Соңғы жаңалықтар