Талдықорғанда іздеуде жүрген алаяқ Астанадан ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көліктерді алаяқтық жасап саудалап жүрген талдықорғандық азамат Астанада ұсталды. Күдіктіге Қазақстан аумағы бойынша іздеу жарияланған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Талдықорған қаласының полицейлері 29 жастағы ер азаматтың Астана қаласында жүргенін анықтап, қолға түсірген. Алматы облысына жеткізілген күдіктінің қымбат көліктерді саудалау бойынша 16 алаяқтық фактіге қатысы бар екені нақтыланып отыр.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мəліметінше, жәбірленушілерге 20 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Олардың 10-ы Талдықорған қаласынан болса, 6 адам Алматы қаласынан. Басым бөлігі күдіктінің жақын таныстары болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар