Талдықорғанда Қабанбай батырдың ескерткішін қорлаған бұзақылар ұсталды (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бір ай бұрын Youtube порталында екі бұзақының Қабанбай батырдың ескерткішінің үстіне шығып алғаны көрсетілген бейнеролик орналастырылған болатын. Жергілікті атқарушы органдар бұл оқиғаға бей-жай қарамай, Талдықорған қаласының әкімі қаланың ІІБ-ына бұзақыларды тауып, жауапкершілікке тарту талабымен хат жіберді.
None
None

Тәртіп сақшылары тыңғылықты жұмыс жүргізудің арқасында бұзақыларды ұстады. Олар Матай стансасы мен Боралдай ауылының тұрғындары 26 жастағы Дәурен Көптілеуов пен 28 жастағы Болат Бөкенов болып шықты. Бұл әрекеттің көпшіліктің қызу талқысына түскенін ескеріп, полицейлер бұзақыларды қаланың Ардагерлер кеңесіне әкелді. Жастар бұл әрекетке ішімдік салдарынан барғанын мойындады. Тергеудің анықтауына сүйенсек, 2011 жылы 25 желтоқсанда досының үйлену тойын тойлап жүрген олар осындай келеңсіз қадамға барған.

Талдықорған қ. ІІБ бастығы Ерлан Сансызбаев атап өткендей, бұзақыларға қатысты ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ақсақалдар Қабанбай батырдың ескерткішін қорлау Қазақстан тарихын қорлаумен тең деген ойларын айтты. Ақсақалдар қаланың бас полицейіне бұзақыларды қоғамдық жұмысқа тартып, батыр ескерткішінің айналасын тазалатуға тартуды сұрады.

Соңғы жаңалықтар