Талдықорғанда Қаратал өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді

ЛДЫҚОРҒАН. 17 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Талдықорғанда Қаратал өзені арқылы ұзындығы 152 метрге созылған жаңа көпір салтанатты түрде пайдалануға берілді.
None
None

Жаңа көпір 30 жылдан астам уақыт апаттық жағдайда болған ескі көпірдің орнына салынды. Бұл жұмыстар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңына негізделіп отыр. Атап айтқанда, көпірдің құрылысына облыстық бюджеттен 415,9 млн. теңге бөлінді.

Тұрғындарға пайдалануға берілген осы жаңа өткелдің жүк көтеру қауқарлығы күшейтілген, сондай-ақ автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, көлік және жаяу жүргіншілер жолақтары кеңейтіліп, көпір құрылысының тұрақтылығы артып отыр. Онда қауіпсіздік белгілері қарастырылған және өзен арнасының тірек тұғырлары мен көпір іргетасы кеңейтіліп, көпірге тоғысатын жолдарға жөндеу жасалды.

Соңғы жаңалықтар