Талдықорғанда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д. Қонаевты еске алу рәсімі өтті
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы ескерткішінің жанында өткен шара Димаш Ахметұлының туған күніне орай ұйымдастырылды. Қонаев ескерткішінің алдына жергілікті әкімшілік өкілдері, ардагерлер, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен қоса, қала жастары да жиналды.
Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев сөйлеген сөзінде Димаш Ахметұлының Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесіне тоқталды. Ол билікте болған кезде ел экономикасы 15 республиканың соңғы қатарында болатын. Оның жеке беделіне, көрегенділігі мен еңбегінің арқасында көптеген қалалар бой көтеріп, фабрикалар мен зауыттар салынды. Мұның бәрі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуіне оң әсер етті.
Шара аяқталған сәтте жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.