16:41, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Талдықорғанда құрылысшы бесінші қабаттан құлап, тірі қалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 13:30-да Талдықорған қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде құрылысшы бесінші қабаттан құлап кетті.

Абырой болғанда, ер адам тірі қалды. Ол 25 жаста. Жігіт көптеген сүйек сынықтарын алған.
Куәгерлердің айтуынша, жігіт қауіпсіздік белдігін тақпаған. Жедел медициналық жәрдем көлігі оны ауруханаға жеткізді.