Талдықорғанда қымыз бен шұбат сататын киіз үйлер ашылды

ТАЛДЫҚОҒАН. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Талдықорғанда ұлттық сусындар мен тағамдарды сату бойынша сауда нүкте жүйелерінің жаңа жұмыс маусымы ашылды.
None
None

Шараның басты мақсаты қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен салауатты өмір салтын және жас ұрпақтың рухани тәрбиесін насихаттау болып табылады.

 Ауыл шаруашылыы басқармасы атап өткендей, облыс орталығында түрлі шағынаудандарда орналасқан 19 қымызхана бар. Олардың әрқайсысы 19 ауданның біріне және  Алматы облысының қалаларына тиесілі. Барлығы да киіз үйлердің көркемделуі, дайындалатын ұлттық тағамдар мен сусындардың сапасы бойынша облыстық ең үздік қымызхана байқауына қатысады. Байқаудың қорытындысы жылдың аяғында анықталмақ. Бірінші орынға ие болғандар 465 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық, екінші орынға ие болғандар 365 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық алады. Ал үшінші орынға 300 мың теңге қарастырылған.

Облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың сөзіне қарағанда, салтанатты ашылу рәсіміне қатысушылар ұлттық тағамдар мен сусындарды дамыту мен дәріптеудің белгісін көрсетеді, ол тек экономикалық емес сонымен қатар мәдени жоспарда оң нәтиже беруде.

Салтанатты аяқтау кезінде Аңсар Мұсаханов осы салаға белсене атсалысып жүрген кәсіпкерлерді  іске асырылып жатқан ұлттық сусындардың бағасын тым шарықтатпауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар