Талдықорғанда мәслихат сайлауына дайындық жұмыстары жүргізілуде

АСТАНА. Талдықорғанда барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Қала аумағында бүгінгі күні 4 облыстық, 15 қалалық округтік сайлау комиссиялары, 51 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оларда барлығы 497 адам жұмысқа тартылған», делінген хабарламада.
Қала аумағындағы округтік сайлау комиссияларында құжаттарды қабылдау, тіркеу және толтыру туралы қазірге дейін 6 семинар кеңес өткізілген. Қала бойынша 13 жерде үгіт-насихаттық материалдарын ілетін тақта қойылып, белгіленген орындардың мекенжайы қалалық «Талдықорған» газетінде басылды.
Талдықорған қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Жүнісовтің айтуынша, бүгінге дейін 50 адам үміткер ретінде тіркелген. Оның 31-і - өзін-өзі ұсынса, 19-ы қоғамдық ұйымдар тарапынан ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар