Талдықорғанда мектеп оқушыларының «Таза қала» атты байқауы мәреге жетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 16 мамыр. ҚазАқпарат -Талдықорғанның қалалық білім беру бөлімі «Таза қала» - «Чистый город» акциясының аясында қаладағы мектеп оқушылары арасында шығармалар, суреттер мен спорттық байқауларды өткізді.
None
None

Сондай-ақ, балалар мен ата-аналарымен бірге раушан гүлдерін, бұталар мен ағаштарды отырғызуға қатысты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қаланың барлық мектептерінде іріктеу кезеңі өтті.

Байқау суреттері жеңімпаздарды анықтау үшін балалар көркемдік мектебіне қазылар алқасына жіберілді.

7-10 жас аралығындағы оқушылар арасында № 13 мектеп оқушысы Алина Айдынқызы бірінші орынға ие болды. Екінші орынды № 12 мектептің оқушысы Юрий Тен жеңіп алды. Ал № 1 орта мектептің оқушысы Юля Бортник үшінші орынға лайық деп танылды.

11-12 жас аралығындағы оқушылар арасында № 4 ОМ-тің оқушысы Ксения Левина жеңімпаз атанды. Екінші орынды № 8 мектептен Әзиза Мұратжанова иеленсе, үшінші жүлдені  № 19 мектептің оқушысы  Арайлым Молдахметова қанжығасына байлады.

Өздерінің шығармашылық жұмыстарын 13-15 жастағы балалар да ұсынды. Бірінші орынды 13 жасар Ажар Бекешева жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қалалық білім бөлімінің құрмет грамоталары тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар