Талдықорғанда «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты байқау өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Достық үйінде өткен «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты байқауда қатысушылар 7 аталым бойынша қазылар алқасы мен жакүйерлеріне мемлекеттік тілдегі білімдерін көрсетті.
None
None

Алматы облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен бұл шығрмашылық сайысқа 3 команда қатысты. Атап айтсақ, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің колледжі, политехникалық колледж және Достық үйінің тілдерді үйрету және даму орталығы.

Қатысушылар көркем сөз оқудан жарысып, қазақтың танымал ақындары мен жазушыларының шығармашылығынан алынған үзіндіні оқыды. Сондай-ақ байқау шарттары бойынша үміткерлер қазақ халқының әдет-ғұрып, мәдениет, тарихы мен салт-дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап берді.

Бірінші орынды қатсушылар арасында сахнада ерекшеленіп, ұлттық киімдерді киген «Достық» командасы жеңіп алды. Аталмыш команда Алматы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды. Сондай-ақ «Шаңырақ» ( ЖМУ-нің колледжі) және «Білгірлер» (политехникалық колледж) командасы да өздерін көрсете білді.

Соңғы жаңалықтар