Талдықорғанда мемлекеттік жеке серіктестік аясында кәсіпкерлерді балабақша ашуға ынталандырмақ (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының әкімдігі мемлекеттік жеке серіктестік аясында кәсіпкерлерді балабақша ашуға ынталандырмақ. Бұл туралы Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев мәлім етті.
None
None

Қала басшысы Өтенай ауылындағы 45 орындық «Амандық» балабақшасында болды. Балабақша меңгерушісі Римма Тен хабарлағандай, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақ пен ғимаратта бейне бақылау камералары орнатылған. Балабақшада оқыту-тәрбие беру үдерісі төмендегідей бағдарламалар бойынша жүзеге асады: «Балбөбек», «Зерек бала», «Қауіпсіздік сабағы», «М.Монтессори мектепке дейінгі балалардың өз-өзін дамыту бағдарламасы».
Бағдат Қарасаев балабақшалар ашу үшін кәсіпкерлерді ынталандыру керек екенін айтты. Әкім ата-аналарға қолайлы болу үшін жолаушылар көлігі желісінің бағытын өзгерту және көшелерді абаттандыру мәселелерін көтерді.

Кейін қала басшысы «НұрҒазиз» балабақшасында болды. Мұнда балақайларды жаңа қабылдап жатыр. 40 орындық балабақшаның негізін қалаушы Роза Егінбаевада педагог тәжірибесі бар.
«Кәсіпкерлердің осындай игі бастамаларын қолдауымыз керек. Елбасы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтамасыз ету тапсырмасын жүктеді. Бұл балабақшаларда балаларымыз үшін барлық жағдайлар жасалған», - деп атап өтті Қарасаев.
Оның сөзіне қарағанда, жаңа екі балабақшаның ашылуымен 39 жұмыс орны ашылды.
Еске сала кетейік, биыл Талдықорғанда мемлекеттік жеке серіктестік аясында 12 балабақша ашу жоспарланған. Екеуі бүгіннен іске қосылды.
2
3
4
5
6
7
8


Соңғы жаңалықтар