Талдықорғанда «Менің Отаным - Қазақстан!» атты патриоттық әндер конкурсы өтті

ЛДЫҚОРҒАН. 30 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғанда Қанабек Байсейітов атындағы музыкалық колледждің акт залында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Менің Отаным - Қазақстан!» атты қалалық патриоттық әндер конкурсы өтті.
None
None

Оны Талдықорған қалалық әкімдігі, қалалық ішкі саясат бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қ.Байсейітов атындағы музыкалық колледжбен бірлесіп ұйымдастырды.

Конкурсқа облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының, колледждердің және дарынды балаларға арналған кәсіптік лицейлердің 20-дан астам жас таланттары қатысты. Олардың барлығы конкурсқа қазақ және орыс тілдерінде екі әннен ұсынды, оның біреуі патриоттық тақырыпқа, екіншісі - Талдықорған қаласына арналды. Сондай-ақ Отанға арналған патриоттық әндер шырқалды.

Конкурстың гран-при жүлдесін №19 кәсіптік лицейдің оқушысы Айым Кенжебекова жеңіп алды. Бірнші орынға политехникалық колледжтің студенті Шолпан Мұхаметқалиева ие болды. Екінші орында - І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті Отан Қабылхақұлы және заң колледжінің студенті Гүлзат Әнуарбекова. Экономикалық-технологиялық колледжден Айнұр Жұмағазинова, гуманитарлық-технологиялық колледж студенті Әмина Егінбаева және «Білім» гуманитарлық-экономикалық колледжінен Айнұр Жүнісова үшінші жүлелерге ие болды.

Конкурстың он төрт белсенді қатысушысы марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар