22:10, 30 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Талдықорғанда облыс әкімі соғыс ардагері Т. Қанапияновты құттықтады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда облыс әкімі Амандық Баталов ҰОС ардагері Тоқтарбай Қанапияновты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Кездесу барысында өңір басшысы ардагердің өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан орасан үлесін, белсенді өмірлік ұстанымын ерекше атап өтті.
- Сіздің ерлігіңіз, айбынды қайратыңыз барлық жетісулықтар үшін әрдайым үлгі болып келеді. Барлығымыз да сіздерге еліктеп өстік. Облыс тұрғындарының атынан сізге ерекше құрмет білдіріп, Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын, - деді облыс әкімі.
Өз кезегінде ардагер Мемлекет басшысына, өңір әкіміне барлық ардагерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс сезімін білдірді.
Еске салсақ, Тоқтарбай Қанапиянов - І дәрежелі Отан соғысы ордені, «Құрмет» ордені, 20-дан астам медаль, Президенттің алғысхаттары мен «Ақсу және Көксу аудандарының құрметті азаматы» атақтарының иегері, Облыстық Ардагерлер төралқасының мүшесі.