09:15, 25 Наурыз 2013 | GMT +5
Талдықорғанда өрт салдарынан 2 адам қаза тапты
АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Талдықорғанда кеше 13 сағат 56 минутта жеке тұрғын үйде өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады. Жалын 14.сағат 33 минутта ауыздықталды. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан 39 жастағы ер адам және егде тартқан әйел ауруханаға барар жолда қаза тапты. 47 жастағы ер адам жансақтау бөліміне жеткізілді.