11:46, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Талдықорғанда өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің басшыларына 20 автокөлік табыс етілді
ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қалалық және облыстық филиалдарының басшыларына 20 жаңа өрт сөндіру көлігінің кілттерін табыс етті,

деп хабарлады Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен.
Департаменттің Өртке қарсы қызмет гарнизоны ЗИЛ шассиіндегі АЦ 3,2-40 екі автоцистернасын алды. Өрт сөндіру арнайы техникалары Төтенше жағдайлар министрлігі әзірлеген Өртке қарсы мемлекеттік қызметті дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған жаңа стратегиясын жүзеге асырудың екінші кезеңінің аясында табыс етіліп отыр. Аталмыш стратегияның басымдықтарының бірі - «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің барлық филиалдарының материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңмен жаңарту болып табылады, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.