Талдықорғанда пəтер алаяқтығы бойынша даулы істің сот процесі өтпей қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қалалық сотында пəтер алаяқтығы бойынша сот отырысы өтуі тиіс еді.
None
None

Бірақ айыпталушы Дина Искакованың денсаулығы сыр бергендіктен қорғаушысы процесті кейінге шегеруді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ендігі сот отырысы 21 ақпан күні сағат 11:00-ге белгіленді. Қазір аталған іс бойынша бес адам айыпталуда. Ең кішісінің жасы 21-де. Олар бірнеше адамға мемлекеттік бағдарлама бойынша пəтер  алып беруге уәде еткен. Тіпті, болашақ баспаналарын көрсетіп, босағасынан да аттатқан. Қазір аталған факті бойынша 47 адам шағымданды. Оларға келтірілген шығын көлемі 200 млн теңгеден асады.

Алайда, айыпталушы Дина Искакова іс əділ тергелмегенін айтып отыр.

"Бүкіл ақиқатты айтсам да, менің арызым қаралмайды. Менің ісімде басынан аяғына дейін адамның  құқығы қорғалған жоқ. Бұл іс алаяқтық болып ашылды және оны сол күйінде жапқысы келді"- дейді Д.Искакова.

Бұған дейінгі сот процесінде сөз алған жəбірленушілердің дені берген ақшаларын қайтарып алса, айыпталушыларды кешіруге дайын екендіктерін жеткізген еді. Тіпті, кейбір жəбірленушілер айыпталу орындығында отырған бірде-бір күдіктіні танымайтынын, ал пəтер алу үшін мүлдем басқа адамға ақша бергенін айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар