21:16, 15 Наурыз 2014 | GMT +5
Талдықорғанда полицейлер кәнігі алаяқты тұтқындады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес пәтерлерді сатып алу мен сатуға көмек беруге, сондай-ақ жергілікті банктердің бірінде кепілде тұрған тұрғын үйді төменгі бағамен сатып алуға жәрдемдесуге уәде берген ер адам ұсталды.
Ұсталған адамның қылмыстық ісі «алаяқтық пен риэлторлық бизнеспен» байланысты ҚР ҚК-нің 177-бабына жатады. Күдікті Талдықорғанда ІІБ-ның уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.
Бүгінгі таңда 30 жастағы талдықорғандық тұрғынға қатысты қылмыстық іс материалдарында әзірге сегіз зардап шегушіден арыз түскен. Күдіктінің әрекетінен келтірілген залал әзірге 200 мың АҚШ долларына бағаланып отыр.
Ұсталған ер адамға қатысты оның Талдықорған аумағында ғана емес, тұтастай алғанда өңір бойынша басқа да алаяқтық фактілерін жасауға қатысы тексерілуде.