09:26, 14 Қараша 2013 | GMT +5
Талдықорғанда полицейлер велосипедшіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған жүргізушіні ұстады
ТАЛДЫҚОРҒАН. 14 қараша. ҚазАқпарат - Белгісіз біреудің көлігінің астына түскен 48 жастағы велосипедшінің ауруханаға түскені жайлы полицейлерге медицина қызметкерлері хабар берген.

Ер адам қатты зақым алған, сондықтан жол көлік оқиғасы жайлы еш нәрсе айта алмаған. Соған қарамастан, машина фарының сынығы мен қорап бөлшегінің түсіне қарап автокөліктің түсі мен маркасын анықтау мүмкін болды. Оның жүргізушісі ұсталып, Талдықорған қаласы ІІБ-ға қамалды.
48 жастағы «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі өз кінәсін мойындады.
Жыл басынан бері Алматы облысының жолдарында жаяу жүргіншілерді көлікпен 546 рет қағып кету орын алған. Одан 139 адам қаза болып, 445 адам түрлі жарақат алған.