Талдықорғанда шетел азаматы 1,5 келіге жуық героинмен ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда шетел азаматы есірткімен ұсталды. 
None
None

44 жастағы ол аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 кг 334 гр героин оның сөмкесінен табылды. Қазір аталған затты заңсыз сақтап,  тасымалдаған ер азаматтың үстінен іс қозғалды. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.

"Есірткі тасымалдаушының қолындағы құжатқа сəйкес, ол ТМД елдері бірінің азаматы болып шықты. Бұған дейін  Қазақстанда істі болғаны анықталды", - деп атап өтті облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

 Айта кету керек, облыстың есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы "Допинг" атты арнайы жедел іздестіру шарасын  ұйымдастырған болатын. Алматыдан Талдықорғанға келген есірткі тасымалдаушы сол арнайы операция барысында қолға түсті.

Соңғы жаңалықтар