07:54, 03 Сәуір 2012 | GMT +5
Талдықорғанда «Таза қала» шарасы басталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында «Таза қала» шарасы басталды.

Аумақтарды, саябақтарды жинауға барлық меншік түріндегі ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің ондаған ұжымдары шықты. Тәуелсіздік орталық көшесінде «Таза десант» шарасын өткізу үшін қалалық колледждердің студенттері 150 адамнан тұратын жасақ құрды.
Қаланың арықтық жүйелері, үйлердің маңындағы аумақтар, саябақтар қыс бойы жиналған қоқыстардан тазартылды.
Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысовтың хабарлауынша, «Таза қала» шарасы Талдықорғанның әрбір тұрғынының өз ауласын, жұмыс орнын және жалпықалалық демалыс орындарын тазалықта ұстауына бағытталған бір күндік емес, көп айлық шара болады.