Талдықорғанда ҰБТ-да «Алтын белгіден» үміткер 32 түлек өз білімдерін дәлелдемек

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ең басты емтихан он бір жыл бойы жалпы білім беретін мектепте алған білімге берілетін объективті баға болмақ.
None
None

Емтихан тапсырушы түлектер ғана емес, олардың ұстаздары да қобалжуда. Себебі мектеп пен мұғалімдердің рейтингісі тестілеу нәтижесіне байланысты. Талдықорған қаласында ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге барлығы 887 мектеп бітіруші қатысуда. 32 түлек «Алтын белгіден» үміткер. Ерекше үлгідегі аттестаттан 20 оқушы үміт күтеді. Айта кетейік, облыс орталығында 2-6 маусым аралығында емтихан тапсыру үшін ҰБТ өткізудің бір пункті ұйымдастырылған. ҰБТ-ның бірінші күні ойдағыдай өтті.

Соңғы жаңалықтар